Әлем

Америкалықтардың 11%-і Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты сұраққа жауап бере алмады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАмериканцы, Нью-Йорк
Американцы, Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі АҚШ-та Еуропадағы Жеңіс күнінің қашан аталып өтетінін білмейтін болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Әрбір оныншы америкалық (11%) Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың қарсыласы Ресей болды деп санайды. Sputnik.Пікір сауалнамасы кезінде басқа да қызықты мәліметтер анықталды.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі АҚШ-тың кімге қарсы соғысқанын біледі. 77 проценті 1941-45 жылдары болған соғыста Американың басты қарсыласы Германия десе, 67 проценті Жапонияны көрсеткен. Ал 5 проценті Қытайға қарсы соғысты деп ойлайды.

8 мамырда АҚШ-та Еуропадағы (V-E Day) Жеңіс күнінің аталып өтетінін көбісі білмейтін болып шықты. Сауалнамаға қатысқандардың 42 проценті "білмейміз" десе, 27 проценті нақты жауап бере алмады.

© SputnikАмерикалықтардың 11%-і Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың қарсыласы Ресей болды деп санайды
Америкалықтардың 11%-і Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты сұраққа жауап бере алмады - Sputnik Қазақстан
Америкалықтардың 11%-і Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың қарсыласы Ресей болды деп санайды

Америкалықтардың 63 проценті "Холокост" сөзінің нақты мағынасын түсіндіріп, II Дүниежүзілік соғыстағы еврейлердің геноциді туралы білетін болып шықты. Ал 12 проценті ол сөздің не екенін айта алмады.

Сауалнаманы "IFop" танымал француз компаниясы 2020 жылы 22-25 мамыр аралығында арнайы Sputnik News үшін өткізген болатын. Оған 18 жастан асқан 1 004 респондент қатысты. Осы сауалнаманың мәліметтері бойынша максималды қателіктік көрсеткіші плюс-минус 3,1 процентті құрайды. Сенімділік ықтималдылығы - 95%.

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы  - айына 80 миллион. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді.

Жаңалықтар
0