Қоғам

Алматыда коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды

© REUTERS / TOM BRENNERСвободные пробирки для забора анализов на коронавирус
Свободные пробирки для забора анализов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша 17 732 адам коронавирус жұқтырып, 10 897 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Алматы қаласында індетке шалдыққан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

"Алматы қаласында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. 1957 және 1960 жылы туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 120 адам қайтыс болды.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 32
  • Алматы қаласы – 20
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақмола облысы – 8
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, республика бойынша 17 732 адам коронавирус жұқтырды. Ал 10 897 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0