Аңдатпа

Қазақстанда 23 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБәйтерек, жоғарыдан көрініс
Бәйтерек, жоғарыдан көрініс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

23 маусымға жоспарланған шаралар

09.00 – үкімет отырысы өтеді. Отырыста бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және жылыту маусымына дайындық барысы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі (қосымша ақпарат үшін 8 (7172) 75 00 10 нөміріне хабарласуға немесе press.kpm@mail.ru поштасына жазуға болады).

10.00 – ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ""BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы. Шараның мақсаты – білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп жатқан азаматтарды, сондай-ақ, пандемияға қарсы күресте ерекше көзге түскендерді ынталандыру. Форум аясында мемлекет басшысының бейнеүндеуі мен "Халық алғысы" медалімен марапаттау салтанаты жоспарланған. Форумға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ІІМ, мәдениет және спорт министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірінші басшылары бейнебайланыс арқылы қатысады (Өтетін орны  – Қазмедиаорталығы, Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация diakm_rk@mail.ru).

19.00 – pobedakz.com сайтында Жеңістің 75 жылдығына орай деректі фильмдер фестивалі аясында "Севастополь. Русская троя" фильмінің көрсетілімі.

24 маусымға жоспарланған шаралар

19.00 – pobedakz.com сайтында Жеңістің 75 жылдығына орай деректі фильмдер фестивалі аясында "Восход  победы. Советский "Блицкриг" кинокартинасының көрсетілімі.

25 маусымға жоспарланған шаралар

19.00 – pobedakz.com сайтында Жеңістің 75 жылдығына орай деректі фильмдер фестивалі аясында "Восход  победы. Багратионовы клещи" көрсетілімі.

29 маусымға жоспарланған шаралар

9.00 – Astana Finance Days үшінші жыл сайынғы қаржы конференциясы. Биыл конференция онлайн форматта өтеді, негізгі тақырып – "Өзгеріп жатқан әлемдегі нарықтар". Жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, ислам қаржысы, адам капиталын дамыту бағыттары бойынша мәселелерді талқылау жоспарланып отыр (Аккредитация https://www.astanafindays.org/ru сайтында).

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0