НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қостанай облысында жоғалған 8 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлады өңірлік Alau.kz порталы.
"Бала өлі табылды, денені сүңгуірлер судан шығарды. Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
8 жасар Руслан Тайкин 20 маусымда үйден скейтбордпен сырғанақ тебуге шығып кетіп, қайтып оралмаған.