НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Өзбекстанның Ташкент қаласында үйлену тойында қалыңдық пен он екі қонақ коронавирус жұқтырды. Олармен байланыста болған ондаған адам карантинге алынды.
Оқиға Юнусабад ауданында болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әйел төрт күн ішінде екі ұлын үйлендіріп, той жасап үлгерген, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Алайда үйлену тойының соңы жақсылықпен аяқталмады. Тойға қатысқан 12 қонақ пен жас келін коронавирус жұқтырды.
Науқастармен байланыста болған басқа қонақтар коронавирусқа тест тапсырып, стационарда немесе үйінде карантинге алынды.
Тағы оқыңыз: "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
Эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр.
Sputnik Өзбекстан ақпаратынша, елде соңғы кездері вирусты жаппай жұқтыру жағдайлары жиілеп кеткен.
Атап айтқанда, бұл азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамай, қонақ шақырып, той өткізуімен байланысты.
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны алты мыңнан асқан.