Қоғам

Қазақстанда тағы бес адам коронавирустан қайтыс болды

Жазылу
Қазақстанда өткен тәулікте тағы төрт жүзден астам адам коронавирус жұқтырып, бес адам індеттен қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы бес адам көз жұмды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

"Нұр-Сұлтан қаласында 1956, 1966, 1942 жылғы үш ер адам, Ақмола облысында 1955 жылы туған әйел, ал Алматыда 1960 жылғы ер адам қайтыс болды. Өлім себептерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім деп тіркеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 118 адам індеттен көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді

20 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 446 адам тіркелді.

 Өсім 2,7% құрады.

  • Алматы қаласы - 66 (2,0%)
  • Қарағанды ​​облысы - 61 (3,4%)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 53 (1,7%)
  • Шымкент қаласы - 32 (2,6%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 30 (2,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 28 (7,6%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 26 (15,1%)
  • Түркістан облысы - 23 (4,1%)
  • Ақмола облысы - 22 (7,7%)
  • Ақтөбе облысы - 20 (3,4%)
  • Павлодар облысы - 20 (4,5%)
  • Жамбыл облысы - 19 (3,3%)
  • Атырау облысы - 16 (1,2%)
  • Қостанай облысы - 14 (5,0%)
  • Алматы облысы - 8 (1,4%)
  • Қызылорда облысы - 8 (1,5%).

Жалпы республикада ауырғандар саны 17225 адамға жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте ауру белгілері жоқ 616 вирус тасымалдаушы тіркелді. Осылайша олардың саны 8845 адамды құрап отыр. Коронавирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері жоқ науқастар жалпы статистикаға енбейді.

Жаңалықтар
0