НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Еліміздегі барша медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Мемлекет басшысы пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірді.
Тағы оқыңыз: "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деді президент.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, коронавирус эпидемиясы Қазақстанда тарағалы бері 1 904 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Олардың тек 30 проценті ғана вирусты жұмыста жұқтырған.