Бүгін талапкерлер таңғы сағат 7:00-ден бастап жиналды. Арақашықтықты сақтап, кезекке тұрды. Дезинфекциялық түнелден өтті. Ал ішке кіргеннен кейін бетпердені ауыстырды. Дене қызуы болған балаларды жедел жәрдем жан-жақты тексерді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда түлектердің бірін ҰБТ-ға кіргізбей қойды
Бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір баланы тестке тапсыруға кіргізбеді. Енді ол барлық медициналық тексерістен өтуі тиіс. Грантты тағайындау конкурсына дейін ондай талапкерлер үшін бөлек ҰБТ ұйымдастырылады.