Қоғам

Нұр-Сұлтанда түлектердің бірін ҰБТ-ға кіргізбей қойды  

© Photo : Минобразования РКЕНТ-2020
ЕНТ-2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ыстығы шыққан 1, коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 3, телефон алып кірмек болған 20 түлек тестілеуге қатыспады

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында дене қызуы көтеріліп тұрған оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеді.

Мұндай жағдайға душар болған түлектер 15 шілдеге дейін тест тапсыра алады, деп хабарлады Хабар 24.

Сондай-ақ коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 3 оқушы тестілеуге жіберілмеді. Олар денсаулығын әбден тексергеннен кейін, яғни ПТР-тестен өткен соң емтиханға кіреді. Ал Шымкент қаласында өзімен телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге қатыспады.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты жаңашылдық туралы айтты 

Оқушылар емтиханда 4 сағат отырады. Ата-аналар тестілеуді онлайн қарауға мүмкіндік алған. Арнайы сайтқа кіріп, әркім өз баласын бақылап отырса болады. Сондай-ақ оқушылар аудитория ішінде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға міндетті. Бір бөлмеде 18-20 ғана түлек отырады.  

Айта кетейік, 21 маусымда ҰБТ басталды. Алғашқы күні республикадағы 161 пункттің 51-і жұмыс істеді. Биылғы ерекшелік әр оқушыға калькулятор қолдануға рұқсат бар. Тек олар оны өздерімен алып кіре алмайды. Аудитория ішінде қажет еткен түлекке беріледі.  

Жаңалықтар
0