Өңірлер

"Жағдай қиындап кетті ": Атырау ауруханасында орын жоқ

© AFP 2024 / MARVIN RECINOSВрачи скорой помощи в защитных костюмах везут больного коронавирусом по коридору больницы
Врачи скорой помощи в защитных костюмах везут больного коронавирусом по коридору больницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұқпалы аурулар стационарының жұмысын жеңілдету үшін туберкулез ауруханасында 100 орындық жұқпалы аурулар бөлімі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны артты, күн сайын 20-30 науқас инфекциялық және уақытша ауруханаларға жіберіледі. Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

№2 облыстық аурухана 180 төсек орынға есептелген, бірақ қазір онда 200-ге жуық науқас бар. Сондықтан Махамбет туберкулез ауруханасында 100 төсектік инфекциялық бөлім ашылды.

Оқи отырыңыз: Бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген атышулы видеоға түсініктеме берді

Жексенбіден бастап жұқпалы аурулар стационарына түскен салмақты жеңілдету үшін бөлімге 15-20 науқас жіберіледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

"Жағдай қиындап кетті. Соған қарамастан медицина қызметкерлері келгендердің барлығын қарап, емдеп жатыр. Олардың арасында ауыр науқастар бар, біз оларды жан сақтау бөлімдері мен жұқпалы аурулар ауруханасына жібереміз. Барлық дәрігер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деді Қабдықапаров.

Оның айтуынша, орын жетіспеушілігі мәселесі шешілуде. Ол өңірде дәрі-дәрмек және жеке қорғаныс құралдарына қатысты проблема жоқ екенін атап өтті.  

Басқарма басшысы тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға, қоғамдық орындарға бармауға, бетперде киіп, қолды жиі жууға шақырды.

Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында 1 386 адам коронавирус жұқтырды, оның 1064-і сауығып шықты, 3 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0