Қоғам

Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоАлматы әуежайында ұшақ күтіп отырған жолаушылар
Алматы әуежайында ұшақ күтіп отырған жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа ережелерге сәйкес, шетелде білім алатын студенттер мен олардың ата-аналарына, тиісті құжаттары болған жағдайда, ел аумағынан шығуға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Жаңа ережеге сәйкес, Қазақстан азаматтарына үкіметтің шешімімен тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға және сол елдердің азаматтарына Қазақстан аумағына кіруге рұқсат етіледі.

"Шетелдіктер үшін негізгі шарт – визалық талаптарды сақтау, ол Қазақстанға тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттің азаматы болуы керек және осы мемлекеттен тікелей рейспен ұшып келуі тиіс", - делінген хабарламада.

Осы тәртіпке сәйкес, елге кіруге рұқсат етілген шетелдіктер де Қазақстанға келу үшін тікелей әуе рейстерін пайдалана алады.

Тағы оқыңыз: Азық-түлік сатып алыңыздар: Нұр-Сұлтан қатаң карантинге оралады

​Бұдан басқа, мемлекеттік шекарадан мына санаттағы адамдар өте алады:

  • Қазақстанға экипаждан тыс ауысымға бара жатқан теңіз кемелері экипажындағы шетелдіктерге – теңіз (өзен) кемелерінің экипажынан екенін және мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары болуы тиіс;
  • Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын жүк иелеріне – ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратынын растайтын құжаттар талап етіледі;
  • Қазақстанның шет елде оқып жүрген кәмелетке толмаған азаматтарын ертіп жүретін ата-аналарға (қорғаншылары немесе қамқоршыларына), сондай-ақ, оларға студенттік визаны ұзарту, студенттік ID-картаны ресімдеу, емтихан (тест) тапсыру үшін шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда, шекараны кесіп өтуге рұқсат беріледі.

Елден шыққан кезде Қазақстан азаматтары қолданыстағы шектеулерді және сапар жоспарланған елге кіру мүмкіндігін өз бетінше анықтауы қажет.

Жаңалықтар
0