Спорт

Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин

© AFP 2024 / Steven RyanГеннадий Головкин победил в поединке против Сергея Деревянченко
Геннадий Головкин победил в поединке против Сергея Деревянченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпқой боксшы осы кезге дейін өз отанында колумбиялық Нилсон Тапияға қарсы бір-ақ рет жекпе-жек өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин Matchroom Boxing-тің youtube каналындағы сұхбатында Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әрине, Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық. АҚШ-та өткізіп жатқан үлкен деңгейдегі шоуды отандастарым өз көзімен көруі керек. Мұндайды жасау қажет. Әлбетте мен "иә" деймін", – деді танымал боксшы.

Бірақ бұл мәселеде көп дүние өзіне байланысты емес екенін атап өткен ол, егер осындай мүмкіндік туа қалса – қуана істейтінін айтады.

Оқи отырыңыз: Головкин "Канеломен" қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты

Айта кетейік, Головкин WBA әлем чемпионы атағына ие болу үшін колумбиялық Нилсон Тапияға қарсы 2010 жылы Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта оны нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен.

Жаңалықтар
0