НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. 25 маусымнан бастап Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен Ресейдегі Қазақстанның елшілігі Scat әуе компаниясы арқылы Нұр-Сұлтан–Мәскеу бағыты бойынша арнайы коммерциялық рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
"Осыған байланысты Ресейге ұшқысы келетіндер 22 маусым күні сағат 17.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кешіктірмей, өз деректерін rusconsulkz@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс", – деп хабарлады Ресей елшілігі.
Елшілік қазіргі кезде Ресей аумағында осы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығы бойынша келушілер үшін 14 күндік оқшаулау бар екенін еске салды. Оқшаулану тұрғылықты жерде (Мәскеу тұрғындары үшін) немесе арнайы бақылау орталығында (Мәскеу облысындағы санаторийлердің бірінде) жүзеге асырылады.
"Сіз Мәскеуге келгеніңізбен, әуежай маңынан көлігіңізге отырып өз аймағыңызға бара алмайсыз", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұл рейсті Ресей азаматтарынан басқа төмендегідей санаттағы шетелдік азаматтар да пайдалана алады:
- ТМД-ға мүше мемлекеттердің азаматтары;
- Ресей федерациясындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің, Ресейде орналасқан шет мемлекеттердің басқа да ресми өкілдіктердің, одақтас мемлекеттердің тұрақты комиссиясының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ осы тұлғалардың отбасы мүшелері, халықаралық автомобиль қатынасындағы жүк көліктерінің жүргізушілері, әуе, темір жол қатынасы және теңіз, өзен кемелерінің экипажы мен пойыз және локомотив бригадалары сияқты аккредиттелген немесе тағайындалған қызметкерлер;
- жақын туысының қайтыс болуына байланысты берілген дипломатиялық, қызметтік немесе жай жеке визалары бар тұлғалар, сондай-ақ Ресей СІМ-нің шешімі бойынша берілген жай жеке визалар;
- Ресей федерациясының аумағында тұрақты тұратын адамдар;
- Ресей федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы әуе өткізу пункттері арқылы олардың шегінен шықпастан транзитпен өтетін тұлғалар.
Оқи отырыңыз: Әуежай кодын NQZ-ке ауыстыру қанша тұрады