Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг на площади Қазақ елі в столице
Митинг на площади Қазақ елі в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-21 маусымда  барлық қоғамдық орын жабылады, тұрғындардың қала аумағында жеке автокөлікпен жүруіне шектеу қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда демалыс күндері саябақтар, скверлер, жағалаулар, базарлар, сауда орталықтары, басқа да адам көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер де қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, сауда үйлерінің және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Азық-түлік сатып алыңыздар: Нұр-Сұлтан қатаң карантинге оралады

Еске сала кетейік, 20-21 маусым аралығында қоғамдық көлік жүрмейді, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен үйлердің маңында орналасқан дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін) басқа кәсіпорындардың барлығы жұмыс істемейді.

Сонымен бірге барлық қоғамдық орындар: саябақтар және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылады.

20-21 маусымда тұрғындардың жеке автокөлікпен қала аумағында қатынауына шектеу қойылады.

Жұмыс орнына (қызметі рұқсат етілген жағдайда), жақын маңдағы дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне, медициналық қызмет алуға ғана қатынауға рұқсат беріледі.

 

Жаңалықтар
0