Қоғам

Нұр-Сұлтанда 32 жастағы ер адамның коронавирустан қалай көз жұмғаны белгілі болды

© REUTERS / POOLКоронавируспен ауырғандар жататын аурухана
Коронавируспен ауырғандар жататын аурухана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас 10 маусымда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, емдеу шараларына қарамастан, ол алты күннен кейін қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан қайтыс болған 32 жастағы ер адам бірнеше күн бойы ауырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың ақпаратынша, 1988 жылы туған астаналық жігіт Шымкентте демалыста болып, бірнеше күн бұрын ғана келген. Ауруханаға түскенге дейін ауырған ол сырқатын суық тиюмен байланыстырған. 10 маусымда тыныс алуы қиындап, өзін әлсіз сезінгеннен кейін жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді.

"Жағдайы ауырлауына байланысты шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Интенсивті терапияға қарамастан, тыныс алуы нашарлай берді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті": Қисықова дабыл қақты

Емдеу және жансақтау шаралары толық көлемде жүргізілсе де, пациент 16 маусымда қайтыс болды.

Айта кетсек, 18 маусым күні кешке Қазақстанда тағы бес адамның коронавирустан көз жұмғаны хабарланды. Олардың арасында ең жасы – 32 жастағы жігіт. Жалпы Қазақстанда барлығы 105 адам індеттен қайтыс болды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 25 адам.

Жаңалықтар
0