НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 351 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Елімізде өткен тәулік ішінде 474 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,0% құрады", - делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр Сұлтан қаласы - 103 (3,4%)
- Қарағанды облысы - 57 (3,4%)
- Алматы қаласы - 41 (1,3%)
- Шымкент қаласы - 37 (3,1%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 35 (11,7%)
- Түркістан облысы - 32 (6,6%)
- Жамбыл облысы - 29 (5,5%)
- Батыс Қазақстан облысы - 28 (2,7%)
- Ақтөбе облысы - 27 (4,8%)
- Ақмола облысы - 20 (8,3%)
- Атырау облысы - 17 (1,2%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 12 (9,0%)
- Қостанай облысы - 11 (4,5%)
- Қызылорда облысы - 11 (2,1%)
- Алматы облысы - 9 (1,7%)
- Маңғыстау облысы - 5 (1,2%).
Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша өткен тәулікте 778 адам ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Олардың жалпы саны 7 609-ға жетті.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр Сұлтан қаласы - 939 (+97)
- Алматы қаласы - 1040 (+62)
- Шымкент қаласы - 751 (+72)
- Ақмола облысы - 148 (+28)
- Ақтөбе облысы - 265 (+35)
- Алматы облысы - 505 (+51)
- Атырау облысы - 821 (+82)
- Шығыс Қазақстан облысы - 242 (+22)
- Жамбыл облысы - 146 (+31)
- Батыс Қазақстан облысы - 472 (+66)
- Қарағанды облысы - 1137 (+96)
- Қостанай облысы - 104 (+25)
- Қызылорда облысы - 200 (+29)
- Маңғыстау облысы - 242 (+29)
- Павлодар облысы - 72
- Солтүстік Қазақстан облысы - 169 (+12)
- Түркістан облысы - 356 (+41).
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан 10 139 адам жазылып шықты, 105 науқас көз жұмды.