Қоғам

Грузияның Қазақстандағы елшісі коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Levan AvlabreliЗураб Абашидзе
Зураб Абашидзе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
COVID-19 індетіне шалдыққан Грузияның Қазақстандағы дипломатының денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Абашидзе COVID-19 инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады Sputnik Грузия.  

Абашидзені қазақстандық дәрігерлер емдеп жатыр, сондай-ақ оған грузин дәрігерлері қашықтан кеңес берген. Дипломат ауруханада немесе үйде емделіп жатқаны жайлы мәлімет жоқ. Сондай-ақ оның денсаулық жағдайы туралы да хабарланбады.   

Коронавирус жұқтырған жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілердің арасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 16 351 адамға жетті. COVID-19  індетінен 10 139 адам сауығып, 105 науқас қайтыс болды. Жақын уақыттан бері республикада SARS-CoV-2 симптомсыз тасымалдаушылары жеке есепке алынып жатыр: олардың саны – 7609.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алдағы демалыс күндері, 20-21 маусымда бес ірі қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды ​​және Екібастұзда карантин күшейтіледі. Қалада жұмысқа және адамдар көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады, қоғамдық көліктер тоқтатылады. Сондай-ақ, қала тұрғындары Бурабай, Қапшағай және Баянауыл курорттық аймақтарына бара алмайды.   

Жаңалықтар
0