Қоғам

Елімізде медициналық маска шығаратын 4 жаңа кәсіпорын іске қосылады

© Sputnik / Елена БережнаяМаски начали производить на носочно-чулочной фабрике в Петропавловске
Маски начали производить на носочно-чулочной фабрике в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, тәулігіне 800 мың дана көпреттік бетперде мен 460 мың жұп медициналық қолғап және 800 мың дана қорғаныш костюмін өндіру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін медициналық маска шығаратын 4 жаңа кәсіпорын ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жыл соңына дейін төрт жаңа кәсіпорын ашу жоспарланған. Осы жобаларды іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту тәулігіне 1,1 миллион дана бетперде шығаруға мүмкіндік береді", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, алты айдағы маскаларға қажеттілік 111,2 миллион дананы құрайды. Министрдің айтуынша, қазір 9 отандық кәсіпорын тәулігіне 490 мың дана маска шығарады.

Министрлік халықты қажетті маскалармен қамтамасыз ету үшін тігін кәсіпорындары есебінен көпреттік бетперделердің өндіріс көлемін тәулігіне 800 мың данаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Атамқұлов жергілікті атқарушы органдлар тігін кәсіпорындарымен көпреттік маскалар қорын құру жұмысын бастап кеткенін айтты.

Сонымен қатар, министр медициналық қолғап өндірісіне де тоқталды. Айтуынша, медициналық қолғаптарға қажеттілік 83,7 миллион жұп қолғапты құрайды. Қазір екі кәсіпорын тәулігіне 330 мың жұп қолғап шығарады.

"Әрі қарай біз өндіріс көлемін тәулігіне 460 мың жұпқа дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, өндіріс көлемін арттыру үшін жыл соңына дейін қорғаныш костюмдерін шығаратын үш жаңа кәсіпорын ашу көзделген.

Оқи отырыңыз: Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды

Министрдің айтуынша, осының арқасында қорғаныш костюмдерін өндіру көлемі айына 800 мың данаға дейін жеткізіледі.

Жаңалықтар
0