Өңірлер

Бурабай мен Зерендіге блок бекеттер қойылады

© Sputnik / Ирина СемибратоваБурабай
Бурабай  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Курорттарға кіруге уақытша тыйым салынады, ал Бурабай мен Зерендіде демалып жатқандарды ешкім қуып шықпайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақмола облысының курорттары – Бурабай мен Зерендінің айналасына кешкі 18.00-ден бастап уақытша блок бекеттер қойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Блок бекеттер әзірге орнатылған жоқ. 18.00-де қоя бастайды. Курорттардың аумағына кіруге толығымен тыйым салынады", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Бурабай, Қапшағай, Баянауыл және басқа да ірі курорттар демалыс күндері – 20-21 маусымда туристер үшін жабық болатыны хабарланды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осмындай шешім қабылдаған.

Тағы оқыңыз: Азық-түлік сатып алыңыздар: Нұр-Сұлтан қатаң карантинге оралады

Ақмола облысы туризм индустриясы және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, қонақ үйлер мен шипажайлардан алдын ала орын алып қойғандардың ақшасы қайтарылады. Сондай-ақ, оларға броньды кейінге, қолайлы уақытқа ауыстыру ұсынылады. Ал қазір курортта демалып жатқан туристерді ешкім қуып шықпайды.

Жаңалықтар
0