Аңдатпа

Қазақстанда 20 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБайтерек, вид сверху
Байтерек, вид сверху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 20-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 - Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылдауды қолдайтын бейбіт митинг өтеді. Митингіге қатысушылар жануарларға қатыгездік танытқандар үшін жазаны қатайтуды ұсынады. Кездесуді Kare жануарларды қорғау қоры ұйымдастырып отыр. Алматыда карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бұл шараның өту-өтпеуі белгісіз.

19.00 - Елорда күніне арналған "Музыкальная солянка ХХ века" мерекелік концерті (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының парақшасында жасалады).

22 маусымға жоспарланған шаралар

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Үкімет пен Есеп комитеті 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

24 маусымға жоспарланған шаралар

14.30 - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді. Есеп беру кездесуінің бағдарламасы: 14.30-дан 16.00-ге дейін – министр баяндама жасайды және азаматтар мен БАҚ-тың сұрақтары үшін "қауырт" желі жұмыс істейді, Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube-тегі ресми парақшаларында көрсетіледі. 16.20-дан 17.00-ге дейін – "Хабар 24" телеарнасында брифинг. Анықтама телефоны: 8 701 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0