Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі карантинді күшейтудің жаңа талаптарын жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастың инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 1,3-тен жоғары немесе 1,15 шамасында болса, стационардағы барлық орынның 70-90 проценті толып қалса, карантин шаралары күшейтіледі  

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева карантин шаралары қай кезде күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде науқастардың күн сайынғы өсімі инфекцияның нақты динамикасын көрсете алмайды. Сондықтан басқа да көрсеткіштер ұсынылды. Соның бірі – репродуктивті әлеует. Ол бір науқастың инфекцияны қанша адамға жұқтыра алатынын көрсетеді. Егер осы көрсеткіш 1,3-тен жоғары немесе 1,15 шамасында болса, шектеу шараларын күшейту керек", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Оның айтуынша, карантинді күшейтудің тағы бір көрсеткіші – аурухана орындарының тапшылығы. Стационардағы барлық орынның 70-90 проценті толып қалса, карантин шаралары күшейтіледі. 

Оқи отырыңыз: Алматыда инфекциялық ауруханалар 95%-ке толды - Бекшин 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова стационар орындарының 90 проценті бос емес екенін мәлімдеген болатын.

Бүгін үкімет басшысының төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия 20-21 күндері еліміздегі қалалар мен кейбір өңірлерде шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар жұмысын тоқтатады. Қоғамдық көліктің жұмысы шектеледі. Саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады.

Жаңалықтар
0