НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда алдағы демалыс - 20-21 маусым күндері қосымша шектеу шаралары күшіне енеді. Тиісті шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:
- сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады;
- тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі, әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс;
- қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
- қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;
- фитнес-орталықтар уақытша істемейді;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
Сонымен қатар, халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.