Қоғам

Премьер-министрдің орынбасары коронавирус жұқтырды

© Photo : Служба центральных коммуникацийЕралы Тугжанов
Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ералы Тоғжанов аурудың белгілері жоқ екенін, тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық кеңесін орындап жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Маған оқшаулануға тура келді. Инфекциядан барынша қорғануға тырыстым. Бірақ болмай қалды. Коронавирустық инфекцияның симптомсыз формасы анықталды. Тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық кеңесін орындап жатырмын", - деп жазды Тоғжанов Facebook парақшасында.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары халықты сақтық шараларын барынша сақтауға үндеді.

"Бетперде тағыңыз, антисептик қолданыңыз, үнемі қолды жуып жүріңіз. Гигиена талаптарын қатаң сақтаңыздар", - дейді Тоғжанов.

Айта кетейік, Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірнеше отырысы өткен болатын.

Бұған дейін бірнеше депутат пен шенеуніктен коронавирус табылды. Олардың арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

18 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан да коронавирустың анықталғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0