НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус табылды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
"Қазіргі таңда Қазақстанның тұңғыш президенті өзін оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін бірнеше депутат пен шенеуніктен коронавирус табылғаны хабарланды. Індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.
Үкімет мүшесінен вирус табылғаннан кейін премьер-министр Асқар Маминнен бастап, барлық дерлік министр өзін оқшаулады. Қазір олар қашықтан жұмыс істеп жатыр.