Қоғам

Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРтутный градусник для измерения температуры, архивное фото
Ртутный градусник для измерения температуры, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар және симптомсыз науқастар тест оң нәтиже көрсетсе де, ауруханаға жатқызылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронвирустың жеңіл түрін сипаттап берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар тыныс алудан қиналмайды. Дене қызуы қалыпты немесе 38 градустан төмен. Сосын кабыну белгілері болады. Мысалы, тамағы қызарып кетеді, я болмаса, жыбырлап тұрады. Мұрны бітеледі, аздап жөтел пайда болады. Пульс минутына 60-80 рет соғады", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі карантинді күшейтудің жаңа талаптарын жариялады 

Оның айтуынша, коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар және симптомсыз науқастар тест оң нәтиже көрсетсе де, ауруханаға жатқызылмайды. Оларды емхана дәрігері қашықтан бақылап отырады.  

"Ал пациенттің басы ауырып, әлсіреп, денесі сырқырап, қызуы 38 градустан асса, демікпе секілді интоксикация белгілері білінсе, коронавирустың ауыр түрі басталды деген сөз. Ондай науқастар стационарда емделуі керек", - деп түсіндірді Ақтаева.

Жаңалықтар
0