Өңірлер

Атырау облысында коронавирустан екі әйел қайтыс болды

© AFP 2024 / PEDRO PARDOВрачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 маусымдағы мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 8 адам қайтыс болған

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Атырау облысында Covid-19 инфекциясынан тағы екі адам қайтыс болды. Осылайша, облыста коронавирустан қайтыс болғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, коронавирус инфекциясынан 40 және 73 жастағы екі әйел қайтыс болды.

1980 жылы туған Тасқала ауылының тұрғыны 8 маусымда әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбетінің жоқтығы мен бірнеше рет құсқанын айтып шағымданған. Осыдан кейін ол жедел түрде Атырау облыстық ауруханасының провизорлық стационарына жатқызылды.

"Алгоритм бойынша әйелден коронавирусқа ПТР-сынағы алынды, нәтижесі оң болды. Сонымен қатар дәрігерлер науқастың өкпесінде екі жақты "күңгірт шыны" түріндегі өзгерістің бар екенін анықтады", - делінген ақпаратта.

Ауруханаға жеткізілген кезде әйелдің жағдайы жалпы интоксикация белгілері есебінен орташа ауыр деп бағаланды. Ол асқа тәбетінің жоқтығын, құсатынын айтып шағымданды. Дене қызуы 37 градус болып, тамағы қызарып, жиі құрғақ жөтел мазалаған, алайда еркін тыныс алған. Бөлімшеде науқасқа клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу шаралары жүргізілді.

"17 маусымда кешке науқастың жағдайы күрт нашарлап, есінен танып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Реанимациялық іс-шаралар 30 минут бойы жүргізілді, дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланды, алайда науқас сағат 21.30-да қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас COVID-19 инфекциясынан, екі жақты полисегменттік пневмония салдарынан көз жұмды, өлімге өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болды.

Оқи отырыңыз: Елордада 40 жасқа толмаған науқас көз жұмды – дәрігерлер жағдайды түсіндірді

Екінші қайтыс болған науқас – Атырау қаласының 73 жастағы тұрғыны. Ол 12 маусымда Атырау облыстық ауруханасының провизорлық стационарынан жансақтау бөліміне ауыстырылған. Ол жақта жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, коматозды күйде болды.

"№2 облыстық ауруханаға түскен науқастың жағдайы өте ауыр болды. Телефон арқылы бірнеше рет республикалық ситуациялық орталықтың реаниматологы, пульмонологы кеңес берді. Жүргізілген іс-шараларға қарамастан, 17 маусым сағат 20.40-та науқас қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Науқас COVID-19, екі жақты полисегменттік пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болды. Сонымен қатар жүректі зақымдаған гипертониялық ауру, семіздік секілді ілеспе диагнозы болған. Асқыну салдарынан көп ағзалық және өткір тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болды, деп нақтылады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, 18 маусымдағы мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 8 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0