Қоғам

Үкімет эпидемиологиялық жағдайға қатысты шараларды жариялайды – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан үкіметі 18 маусымда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру   шараларын жариялайды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, үкіметтің бақылауында. Ертең үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Бүгінде республикада 15 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, тоғыз мыңнан астам науқас жазылып шықты. 88 адам қайтыс болды.  

Қазақстанда COVID-19 індетінің екінші толқыны жүріп жатыр.  

Нұр-Сұлтан ауруханаларына күн сайын 500 адам түссе, оның әрбір екіншісінен пневмония анықталып жатыр. Науқастардың 90 проценті орта ауыр және ауыр күйде түседі, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

COVID-2019: тест оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек? 

Алматыда да жағдай қиындағанын бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтқан болатын. Ол дәрігерлер ауруханаға орташа және ауыр дәрежелі науқастарды ғана жатқызуға мәжбүр болып жатқанын жеткізді.    

Жаңалықтар
0