Қоғам

Елорда ауруханаларына күн сайын 500 адам пневмониямен түседі

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы кезде күн сайын орташа есеппен 150 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. Олардың 50 процентінде ауру белгісі жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратын адамдардың саны күрт өсті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басында ауруханаға орташа есеппен күніне 5 науқас пневмониямен түссе, маусым айынан бастап күн сайын 500 адамдай түсіп жатыр. Оның әрбір екіншісі вирустық пневмониямен тіркеледі. Науқастардың 90 проценті орта ауыр және ауыр күйде түседі", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, соңғы кезде күн сайын орташа есеппен 150 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. Олардың 50 процентінде ауру белгілері жоқ.

"Эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті": Қисықова дабыл қақты

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2 951 адамға жетті. Қазіргі кезде жұқпалы және уақытша ауруханаларда 1 711 науқас ем-дом алып жатыр. Бұл барлық орындардың 90 процентін құрайды. Соның ішінде 80 науқас реанимациялық бөлімде жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандардың саны төрт есеге артты.

 

Жаңалықтар
0