Қоғам

"Ауруханада орын аз қалды": елорданың бас дәрігері қазіргі жағдай туралы айтты

© AFP 2024 / AIZAR RALDESМедик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки
Медик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі таңда жұқпалы және уақытша ауруханаларда жатқандардың саны 1 711 адамға жетті. Бұл барлық орынның 90 процентін құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова аурхана орындарының аз қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, елорданың эпидемиологиялық жағдайы нашарлады. Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 951 адам тіркелді. Науқастардың саны күн сайын артып келеді.

Дәрігерлер мен медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейін басқа да қызметкерлерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Оның үстіне дәрігерлер үш айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

"Соңғы үш күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам жағдай тіркеледі. Олардың 50 проценті – індеттің ауру белгілері жоқ түрімен сырқаттанған адамдар. Егер қала тұрғындары санитарлық талаптарға немқұрайлы қарай берсе, онда ауруханада орын да, дәрігер де жетіспейді, барлығына бірдей медициналық көмек көрсетілмейді. Немқұрайлықтың салдарынан аурухана орындары мен медициналық қызмет тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Бізде италиялық сценарий қайталанбауы керек", – деді Қисықова онлайн брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәуліктің ішінде жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 3 700-ге жетті. Коронавирус инфекциясына байланысты қоңыраулар да 8 есеге өсті.

"Бүгін таңертең жұқпалы және уақытша ауруханаларда жатқандардың саны 1 711 адамға жетті. Бұл барлық орынның 90 процентін құрайды. Соның ішінде 80 науқас реанимациялық бөлімде жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандардың саны төрт есеге артты. Олардың 91 проценті – орта ауыр, ал 9 проценті ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр", – деп атап көрсетті Қисықова.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18 күнде салынған модульдік аурухана ашылды

Жаңалықтар
0