Аңдатпа

Қазақстанда 18 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВечерняя столица
Вечерняя столица - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Дей тұрғанмен, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

18 маусымға жоспарланған шаралар

10.00 - Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы.

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің "Рисуем пейзаж в технике холст/масло" атты онлайн шеберлік сағаты (Музейдің Facebook-тегі парақшасында трансляция жасалады).

15.00 - Қазақстандағы ұлттық парктерді басқару проблемалары бойынша сараптамалық пікірсайыс. Іс-шара экология белсенділері мен экотуризм саласындағы сарапшылардың ұлттық парктер жерін ұзақ мерзімді жалға беруге және экотуризм айналасындағы жалпы жағдайға қатысты ұстанымын түсіндіруге бағытталған. Спикерлер: "Зеленое спасение" экологиялық қоғамының төрағасы Сергей Куратов, БҰҰДБ сарапшысы Александр Артемьев, "Сохраним Кок-Жайляу" тобының өкілдері Ажар Жандосова және Елена Ерзакович. Пікірталас Қазақстан баспасөз клубының Facebook-аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі (БАҚ-ты аккредиттеу: +7 701 749 02 00).

20 маусымға жоспарланған шаралар

19.00 - Елорда күніне арналған "Музыкальная солянка ХХ века" мерекелік концерті (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының парақшасында жасалады).

22 маусымға жоспарланған шаралар

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Үкімет пен Есеп комитеті 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

24 маусымға жоспарланған шаралар

14.30 - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді. Есеп беру кездесуінің бағдарламасы: 14.30-дан 16.00-ге дейін – министр баяндама жасайды және азаматтар мен БАҚ-тың сұрақтары үшін "қауырт" желі жұмыс істейді, Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube-тегі ресми парақшаларында көрсетіледі. 16.20-дан 17.00-ге дейін – "Хабар 24" телеарнасында брифинг. Анықтама телефоны: 8 701 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0