Қоғам

Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа дейінгі балаларын үйден шықпай-ақ тіркей алады

© Sputnik / Владислав ВодневҰялы телефон ұстап отырған адам, архивтегі сурет
Ұялы телефон ұстап отырған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он алты жасқа дейінгі балаларды онлайн тіркеу қызметін небәрі 15 минут ішінде алуға болады, қызмет ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленді

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа толмаған балаларын eGov.kz порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркей алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл қызмет ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ата-аналарға халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ балаларын өз бетінше тіркеуге мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

"Қызмет өте қарапайым және түсінікті, ал ең бастысы, оны 15 минут ішінде алуға болады", - деді ол.

Баланы тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу

Баланы eGov.kz порталында тіркеу үшін "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" қосымша бетінде "Тұрғылықты жері бойынша 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу" қызметін таңдап, "Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Осыдан кейін ата-ана АХАЖ ақпараттық жүйесінде туыстық байланысты растау үшін баласының ЖСН-ін (ИИН) енгізеді.

Растау келгеннен кейін, анықтамалықтан "Келу мақсатын" және "Тіркеу себебін" таңдау қажет. Онда қызметке тапсырыс беруші ата-ана бала тіркелетін тұрғын үйдің иесі болып табылатынын көрсетуі тиіс.

Егер ол меншік иесі болса, "Мен – меншік иесі" алаңын белгілейді немесе мекенжайдың тіркеу кодын енгізеді және табылған мекенжайлар бойынша баланы қайда тіркеуді таңдайды.

Сұрау салуға электронды сандық қолтаңба немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қояды. Сұрау салу сәтті жүзеге асқан жағдайда мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама келеді.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

Егер ата-ана пәтердің меншік иесі болмаса, "Мен меншік иесі емеспін" алаңын белгілейді. Меншік иесінің ЖСН және мекенжайын енгізеді, осыдан кейін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тексеріс басталады.

Растаудан кейін өтінім меншік иесіне келісуге жіберіледі. Өтінім меншік иесімен келісілгенде, ата-ана электронды сандық қолтаңба немесе бір реттік пароль арқылы сұрау салуға қол қояды. Соның нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетіне өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама келеді.

Жаңалықтар
0