НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Елімізде өткен тәулікте 383 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
"Өткен тәулікте 383 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болып, өсім 2,6% құрады", - делінген ресми хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 104 (3,8%)
- Қарағанды облысы - 50 (3,3%)
- Алматы қаласы - 34 (1,1%)
- Павлодар облысы - 34 (9,7%)
- Шымкент қаласы - 25 (2,2)
- Батыс Қазақстан облысы - 24 (2,5%)
- Маңғыстау облысы - 18 (4,7%)
- Атырау облысы - 14 (1,1%)
- Қостанай облысы - 13 (5,9%)
- Алматы облысы - 12 (2,3%)
- Ақмола облысы - 10 (5,1%)
- Түркістан облысы - 10 (2,2%)
- Ақтөбе облысы - 10 (1,9%)
- Жамбыл облысы - 9 (1,8%)
- Қызылорда облысы - 7 (1,4%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6 (5,4%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 3 (1,1%)
Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 15 192 адамға жетті. Ал 9 388 науқас сауығып шықса, дерт салдарынан 81 адам көз жұмды.
Ауру белгісі жоқ вирус тасымалдаушылар
Өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус індетінің белгілері жоқ 600 вирус тасымалдаушы тіркелді. Олар:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 688 (+99)
- Алматы қаласы - 880 (+64)
- Шымкент қаласы - 619 (+17)
- Ақмола облысы - 69 (+17)
- Ақтөбе облысы - 147 (+10)
- Алматы облысы - 360 (+52)
- Атырау облысы - 528 (+43)
- Шығыс Қазақстан облысы - 188 (+17)
- Жамбыл облысы - 86 (+6)
- Батыс Қазақстан облысы - 322 (+27)
- Қарағанды облысы - 854 (+85)
- Қостанай облысы - 54 (+7)
- Қызылорда облысы - 158 (+44)
- Маңғыстау облысы - 194 (+24)
- Павлодар облысы - 59 (+13)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 132 (+10)
- Түркістан облысы - 154 (+25)
Ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар ресми статистикаға қосылмайды. Қазіргі уақытта олардың саны 5 492 адамға жетті.