Саясат

Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневПарламент палаталарының бірлескен отырысы, архивтегі сурет
Парламент палаталарының бірлескен отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үкіметі мен Есеп комитеті парламент депутаттарына бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Палаталардың отырысы 22 маусымға белгіленген.

"Үкімет пен Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалады", - деп жазды Нығматулин Twitter-де.

2019 жылғы бюджеттің атқарылуы

Халыққа есеп беру кездесуінде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2019 жылғы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету аясында бюджеттің барлық деңгейі бойынша кірістер жоспары артығымен орындалғанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік бюджет – 101,2%-ке, республикалық бюджет – 100,6%-ке және жергілікті бюджеттер – 103%-ке. Мемлекеттік бюджет кірістері 9,7 триллион теңге немесе жоспарланғаннан 119 миллиард теңге артық болды", - деді Жамаубаев.

Республикалық бюджетке 7,1 триллион теңге түскен, бұл жоспардан 43 миллиард теңгеге және 2018 жылғымен салыстырғанда 1,2 триллион теңгеге көп.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева қайтадан сенатқа бара ма – сарапшылар болжамы  

Республикалық бюджет кірісінің өсуіне салық және кедендік әкімшілендірудің жақсаруы, цифрландыру, экономика мен негізгі экспорттық тауарлар бағасының өсуі әсер еткен.

2019 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 12 триллион 20 миллиард теңгеге немесе 99,9%-ке орындалды. 8,2 миллиард теңге атқарылмады, оның 2,9 миллиард теңгесі – үнемделген ақша.

5,3 миллиард теңге игерілмеген.

Игермеудің негізгі себептері – бюджеттік бағдарламалар бойынша өтінімдердің болмауы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтпеуі, келісім шарттарының өзгеруі.

Жергілікті бюджеттердің шығысы 6,2 миллиард теңгеге орындалды.

2019 жылы өңірлерге 1,9 триллион теңге қаржылай көмек көрсетілді. Өңірлер бөлінген қаржының 99,1%-ін игерді.

Жаңалықтар
0