Қоғам

Карантин күшейді: Бурабайға баратындар нені білуі тиіс

© Photo : "Жемчужина Синегорья"Поляна Абылай хана на курорте Бурабай
Поляна Абылай хана на курорте Бурабай  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Көкшетау қаласында 15 маусымнан бастап блок бекеттер қайта қойылып, карантин шаралары күшейтілді. Осыған орай, Ақмола облысының аумағында да көптеген нысандардың жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақмола облысында туризм нысандары, қонақ үйлер, отельдер мен демалыс үйлерін тек 50 процентке ғана толтыруға болады. Бұл туралы аймақтағы бас санитарлық дәрігердің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бурабайда қалай демалуға болады?

Ақмола облысында халық арасында кеңінен танымал Бурабай курорты орналасқан. Бұдан бөлек, басқа да демалыс аймақтары бар. Соның барлығы жобалық қуаттылығының тек 50 процентіне ғана жұмыс істейтін болады. Олар:

  • туризм нысандары және халықты жайғастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және тағы басқалар);
  • шипажайлар;
  • жағажайы бар туристік базалар;

Бассейндерді таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін ашуға рұқсат берілген. Оған алдын ала жазылу арқылы кіруге болады.

Қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді?

Қала ішіндегі қоғамдық көліктің қозғалысы шектелді. Оның жүру уақыты таңертең сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және кешкісін сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін бекітілген.

Барлық базардың уақыты да сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектеліп отыр. Ал демалыс күндері (сенбі мен жексенбі) толығымен жабылып, санитарлық шаралар атқарылады.

Ал азық-түлік, гигиена және тұрмыстық химия тауарларын сататын сауда орталықтары таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін істей алады.

Монша мен сауналар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Алайда бес адамнан артық кіргізуге рұқсат жоқ.

Аршалы, Астрахан мен Целиноград аудандарында, сондай-ақ Көкшетау қаласында фитнес орталықтар, жаттығу залдары мен спорт кешендері жабылады. Бірақ залды 30 процентке ғана толтыруға болады.

Халық үшін қандай шектеулер енгізілген?

Бас санитардың қаулысына сәйкес, халық үшін бірқатар шектеулер енгізіліп отыр. Олар:

  • аса қатты қажеттілік болмаса, 65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды;
  • 14 жасқа дейінгі балаларға жалғыз шығуға рұқсат берілмейді;
  • саяжайлар, алаңдар, саябақтар мен жағалауда серуендеуге тыйым салынған;
  • отбасылық шаралар өткізуге болмайды;
  • қонақ шақыруға рұқсат жоқ;
  • жерлеу рәсімі кезінде 10 адамнан артық жиналуға болмайды;

Айта кетейік, 15 маусымнан бастап облыс орталығы – Көкшетау қаласында блок бекеттер қайта қойылды.

Жаңалықтар
0