Өңірлер

Қазақстан премьері әуе оқиғасынан зардап шеккен жоқ

© Sputnik / Абзал КалиевПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман, тікұшақ бүлінген жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Ми-171 тікұшағының бұзылуы салдарынан зардап шеккен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 12 маусымда үкімет делегациясы Жамбыл облысына сапармен барған болатын. Маминге Жамбыл облысының әкімі, сондай-ақ бірқатар салалық министрліктің басшылары ілесіп жүрді.

"Өңірге жұмыс сапары кезінде делегация "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі Ми-171 тікұшағымен Қордай – Тараз бағытында ұшып өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, негізгі гидрожүйенің істен шығуы салдарынан тікұшақ Тараз қаласынан шамамен 180 шақырым жерде, Тасөткел елді мекені аумағында қонуға мәжбүр болған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі "авиациялық оқиға салдарынан жолаушылар мен экипаж зардап шеккен жоқ, әуе кемесіне зақым келмеді" деп атап өтті.

"Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тікұшақ бортында болмағанын ескертеміз. Қазақстан үкіметінің басшысы жұмыс кестесіне сәйкес резервтік тікұшақпен ұшуды жалғастырды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылған болатын.

Асқар Мамин қарым-қатынас жасаған тұлға ретінде COVID-19 тестін тапсырды, диагноз расталмады. Қазір премьер өзін-өзі оқшаулауды бастады, бірақ қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшауланды.

Жаңалықтар
0