Оқиға

Өлді деп ойлаған: полиция желіде тараған қарт әжейдің суретіне қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚарт әйел
Қарт әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жетпіс тоғыз жастағы қария шағымданудан бас тартып отыр, полиция әйел жақындарының бірін қорғаштап отыр деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Алматы облысының полиция департаменті Жетіген ауылында тұратын қарт әжейдің әлеуметтік желіде тараған суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде бет-аузы көгерген қарияның суреті тарады. Желідегі жазбаға сүйенсек, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер адам мен әйел қарт әжейдің үйіне терезені сындырып кірген. Ұйқыдан оянып кеткен қарияны басынан ұрып, соққыға жыққан. Үйін тонағаннан кейін, әйелді өлді деп ойлап, іргелес ауылға апарып тастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Алматы облысының полиция департаменті 14 маусымда 79 жастағы қарияның көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскенін растады.

"Жауап алу кезінде әжей жалғыз тұратынын, үйінде абайсызда құлап қалғанын айтты. Дене жарақаты да содан пайда болыпты-мыс. Алайда, қарияның жауабы тергеудің күмәнін тудырып отыр. Осыған байланысты істің егжей-тегжейі тексерілуде. Соған қарағанда, әйел жақындарының бірін қорғаштайтын сияқты", - деп мәлімдеді полициядан.

Тағы оқыңыз: Шымкентте көшеде екі баланың анасын кім ұрып кеткені белгілі болды

Бұдан бөлек, департаменттің ақпаратынша, қария шағымданудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Алматы облысының полициясы аталған фактіні тіркеп, тексеріс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0