Қоғам

ҰБТ-дан босатылғандар екі құжат тапсыру керек – тест орталығы  

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық тестілеу орталығы SAT және IB халықаралық тестерінің ұпайын ұлттық бірыңғай тестілеуге аудару шкаласын енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Биыл SAT және IB халықаралық тестерінің ұпайын ұлттық бірыңғай тестілеуге аудару шкаласы енгізілді. Ал осы санаттағы тест сертификаттары бар түлектер бірден грант тағайындау конкурсына қатыса алады. Білім және ғылым министрлігі олардың құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты жаңашылдық туралы айтты 

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, халықаралық тестердің нәтижесін ұлттық бірыңғай тестің ұпайына аудару үшін екі құжат тапсыру керек.  

"Иә, биыл біз SAT және IB халықаралық тестерінің ұпайын ұлттық бірыңғай тестілеуге аудару шкаласын енгіздік. Мәселен, талапкерде SAT Reasoning және SAT Subject сертификаттары болса, онда ол ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмаса да болады. Егер ол қажетті балды жинаса, біз оны автоматты түрде ҰБТ-ның ұпайымен теңестіреміз", - деді Смағұлов бүгінгі онлайн брифингте.

Орталық басшысының айтуынша, талапкер өзінің мектебі қай тестілеу учаскесіне қарайды, соған барып, барлық сертификатын тапсыруы қажет. Мәселен, халықаралық тестің нәтижесі 140 балл болса, тестілеу орталығы оны ҰБТ балына аударады да, 140 ұпайдың куәлігін басып береді. Соның негізінде талапкер грант тағайындау конкурсына қатысады.

"Бірақ мына бір нәрсені ұмытпау керек, міндетті түрде екі сертификат болуы қажет. Олар - Reasoning және Subject. Бұл – ереженің талабы", - деп түйіндеді Смағұлов.

 

Жаңалықтар
0