Оқиға

Үшінші қабаттан бір-ақ шықты: Нұр-Сұлтанда бір жасар сәби ауруханаға түсті

© Sputnik / Владислав ВодневСәби, архивтегі сурет
Сәби, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәби үйдің есігі ашық тұрған кезде, баспалдақ алаңына шығып кеткен, ата-анасы баланың көзден таса болғанын байқамай қалған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір жасар сәби баспалдақ аралығынан құлап, тірі қалды.

Оқиға 13 маусымда болды. Сәби сегізінші қабаттан үшінші қабатқа, тұрғын үйдің баспалдақ аралығынан құлап түскен. Осыдан кейін ол қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазатайым оқиға кезінде үйде баланың анасы, әжесі мен басқа балалар болған.

Пәтер есігі желдету үшін ашық тұрған екен. Ересектер сәбидің кіреберіске қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Тағы оқыңыз: Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды

Астаналық полиция ата-аналардан мұқият болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлаған, екеуі көз жұмды. Департаменттің мәліметінше, көбіне балалар ересектердің қарауынсыз қалған кезде құлайды.

Сонымен қатар, адамдардың есік-терезені ашық қалдыруы, терезеде темір тордың болмауы, үйдегі жиһаздардың дұрыс орналаспауы да қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін.

Жаңалықтар
0