Оқиға

Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды – БАҚ

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан премьер-министрі Асқар Мамин
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он екінші маусымда Жамбыл облысын тікұшақпен аралау кезінде гидравликалық жүйе істен шыққан, ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мінген тікұшақ Таразға шұғыл қонды, деп хабарлайды Қазақпарат.

"12 маусымда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысын тікұшақпен аралап ұшты. Ұшу кезінде гидравликалық жүйе істен шыққан. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылды. Ұшу эксплуатациясының ұсынымдарына сәйкес, ұшқыш Таразда қонуға мәжбүр болды", - деп келтіреді агенттік "Қазәуеқұтқару" АҚ қоғаммен байланыс маманының сөзін.

Өткен аптада үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Премьер-министр Асқар Мамин басқарған делегация құрамына бірқатар министрліктің өкілдері кірді.

Көп ұзамай денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылды.

Тағы оқыңыз: Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді

Үкімет басшысы COVID-19-ға тест тапсырды, диагноз расталған жоқ. Қазір Мамин өзін-өзі оқшаулады, бірақ қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшауланды.

Жаңалықтар
0