Өңірлер

COVID-19: Алматы ауруханаларында төсек-орын жеткілікті

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Қала билігі ауруханаға жатқызылған науқастардың саны артқанын және әртүрлі жағдайға дайындалып жатқандарын атап өтті

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Алматы ауруханаларында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды жатқызатын орын жеткілікті. Бұл жайында қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Надыров коронавирус инфекциясы кезінде басқарма әртүрлі жағдайға дайындалатынын атап өтті.

"Ауруханаға келіп түскендерді белгілеп отырамыз. Қазір орын жеткілікті. Алайда денсаулық сақтау жүйесі ресурсының шексіз емес екенін де түсіну қажет. Індет жаппай таралған жағдайда біздің ресурс, атап айтқанда, бос төсек орнына тапшылық болуы мүмкін. Мұндай жағдаймен АҚШ, Еуропаның біраз елі бетпе-бет келді", - деді Надыров.

Басқарма басшысы шет елде науқастардың саны көбейген кезде оларды сұрыптап емдеуге тура келгенін мысалға келтірді. Сонымен қатар ол Италия, АҚШ-тағы жағдаймен салыстырғанда Қазақстандағы жағдайдың қалыпты екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыдағы карантиндік шараларды күшейтті 

"Қазақстандықтар дәрігер айтқан талапты қатаң сақтауы қажет. Егер мамандардың айтқан нақты ұсыныстарын орындамайтын болсақ, төсек-орын және жалпы денсаулық сақтау жүйесінде тапшылық сеземіз. Қазіргі жағдай осындай. Сол себепті қандай да бір іс-шараға бармас бұрын аурудың симптомсыз өтетінін және кез келген адамның инфекция тасымалдаушы бола алатынын ескерген жөн", - деді Надыров.

Айта кетейік, Қазақстанда науқастардың саны 14 809 адамға жетті, 9 241 адам аурудан жазылды, 77 адам қайтыс болды.

Ауру белгісі жоқ 4 892 науқас анықталды.

Жаңалықтар
0