Қоғам

Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды

© Управление туризма Павлодарской областиБаянауыл
Баянауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баянауыл курорттық аймағында демалыс үйлерінің 60%-ті коронавирус пандемиясына байланысты туристерді қабылдауға дайын емес

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым ­­– Sputnik. Ол жердегі 39 демалыс үйінің 23-і келушілерді қабылдауға дайын емес. Мұндай дерек Баянауылдағы туристік базалардың әрбірін жеке-жеке тексерген бақылау тобының жұмыс қорытындысында жарияланды, деп хабарлады Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы.

Инспекциялық топ құрамына санитарлық дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген.

Тексеру барысында көптеген лагерьлердің дайындық актілері мен қоршаған орта эмиссиясына рұқсат алмағаны белгілі болды. Қонақ қабылдау кезінде тыйым салынғанына қарамастан, он демалыс үйінде жөндеу немесе құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Оқи отырыңыз: 1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Бақылау тобы анықтаған ең негізгі заң бұзушылық – тепловизорлар мен санитайзерлердің және дезинфекциялық құралдардың болмауы. Яғни, кәсіпкерлердің өзі демалушылардың қауіпсіздігі үшін ортақ жауапкершілікке көңіл бөлмеген.

Аталған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмегендіктен, Баянауыл курорттық аймағында демалыс үйлерін ашу мүмкін емес деген ұйғарым жасалды. Оған қоса, Павлодар облысында күн сайын коронавирус инфекциясының жаңа оқиғалары тіркелуде.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Павлодар облысында 349 (+3) жағдай тіркеліп, 186 науқас дертінен айықты. 12 адам аталған індет салдарынан көз жұмды.

Жаңалықтар
0