Қоғам

Нұр-Сұлтанда екі кәсіпкер 118 миллион теңге ұрлап алған - видео

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
118 миллион тенге бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкерлер сот шешімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Елорданың аудандық соты ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаған екі кәсіпкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, кәсіпкерлер алдымен бірнеше кәсіпорынды өз таныстарының атына рәсімдеген. Одан кейін техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге қатысты шығындарды асыра көрсетіп, жалған құжаттарды ұсынған. Соның негізінде "QazIndustry" қазақстандық экспорт пен индустрия орталығынан 118 миллион тенге бюджет қаражатын жымқырған. Ол қаржы шағын және орта бизнесті қолдау үшін бөлінген болатын.

Комитет мамандары кәсіпкерлерді ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан құқық қорғаушылардың баланың бөлмесінен конверт тауып алғанын көруге болады. Ішінен бір бума доллар шыққан.

"Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкіміне сәйкес, сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға бес жылға дейін бюджет қаражатын игеруге жататын кәсіппен айналысуға тыйым салынған", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөбек, сот "QazIndustry" қазақстандық экспорт пен индустрия орталығының пайдасына 118 миллион теңгені, сондай-ақ, әрбіреуінен 1 770 000 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға шешім шығарды.

Жаңалықтар
0