Қоғам

Елбасы Назарбаев Университетін 10 жылдық мерейтоймен құттықтады – видео

© Photo : Официальный сайт президента РКУчастие Нурсултана Назарбаева в церемонии вручения дипломов выпускникам Назарбаев Университета
Участие Нурсултана Назарбаева в церемонии вручения дипломов выпускникам Назарбаев Университета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің есімімен аталған университеттің болашақтағы дамуы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Университетінің түлектері мен оқытушыларын 10 жылдық мерейтоймен құттықтады.

"Назарбаев Университеті қысқа мерзім ішінде ұлттық жоғары білімнің көшбасшысына айналып, Қазақстанда сапалы білім алуға болатындығын дәлелдеді. Осы жылдар ішінде бес мың адам университеттің түлегі атанды. Олардың бәрі жоғары білікті маман екендігін дәлелдеді", – деп атап өтті Назарбаев.

Осы жылдың өзінде Университеттің 1000-нан астам түлегі академиялық дәрежеге ие болды. 600-ден астам студент бакалавриатты, 400-ден астамы магистратура мен докторантураны бітірді.

"Олардың көпшілігі оқуын осы жерде немесе әлемнің басқа университеттерінде жалғастырады, біз бұған бөгет болмаймыз, керісінше жағдай жасаймыз. Басқалары қазақстандық халықаралық корпорацияларда өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді. Ал енді кейбіреулері өздерінің жетістіктерімен, жаңалықтары мен өнертабыстарымен тарихқа енеді", – деді Елбасы.

Университет одан әрі дами береді.

"Біз стартаптар үшін зертханалар құрамыз, жас ғалымдарға көмектесетін венчурлық қорлар құрамыз", – деп сендірді Назарбаев.

Назарбаев Университеті 2009 жылы құрылып, алғашқы студенттерді 2010 жылдың қыркүйегінде қабылдай бастады.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-дағы 140 балл: Назарбаев университеті түлекті неге қабылдамайтынын түсіндірді

Университеттің басқару органдары – атқарушы кеңес, қамқоршылық кеңес және ең жоғары қамқоршылық кеңес. Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы – ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Университет президенті – Шигео Катсу, бұған дейін ол Дүниежүзілік банкте 30 жыл жұмыс істеген.

Жаңалықтар
0