Қоғам

Қазақстанда тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды

© REUTERS / TATYANA MAKEYEVAМедики сидят на квыльце больницы с коронавирусом
Медики сидят на квыльце больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 72 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады жедел штаб. 

Біреуі Шымкент қаласында көз жұмды, ол 1944 жылы дүниеге келген ер адам. Ал 1938 жылы туған ер адам Батыс Қазақстан облысында қайтыс болды. 

"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл адамдар коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада. 

Жалпы, Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан барлығы 72 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 14
  • Алматы қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы – 4
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 4
  • Қарағанды облысы - 7
  • Қостанай облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 10
  • Түркістан облысы - 3

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 14 238 адам болды, 8 829 адам дерттен айықты. 

Жаңалықтар
0