Қоғам

"Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

© REUTERS / Shamil ZhumatovШоколадные батончики "Казахстан"
Шоколадные батончики Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фабриканың 1 450 қызметкері тест тапсырған, нәтижесінде коронавирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері жоқ науқастар анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. "Рахат" кондитерлік фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты, өйткені кәсіпорын қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың анықталуына байланысты "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Әуелі температурасы жоғары сегіз адамды жұмысқа кіргізбеген. Одан кейін қызметкерлерді жаппай тестіден өткізе бастайды, жалпы 1 450 адамды тексерген.

"Инфекция жұқтырғандардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Кәсіпорын қызметкерлері үй карантиніне жіберілген.

"Фабрика әкімшілігі жұмысты 15 маусымға дейін тоқтату шешімін шығарды", - деп қосты әкімдіктегілер.

Фабрика жұмысын эпидемияға қарсы іс-шараларды толық өткізгенше дейін уақытша тоқтату туралы қаулы берілген.

Айта кетсек, Алматыда Көк базардың 23 маусымға дейін жабылғаны белгілі болды. 20 адамнан коронавирус инфекциясы табылған, сатушылар арасында дертке шалдыққандар жоқ, тек базар әкімшілігі қызметкерлері арасында анықталды.

Базар әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің қызметкері көз жұмды. Әзірге бұл жағдай COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың ресми статистикасына енгізілген жоқ.

Жаңалықтар
0