Аңдатпа

Қазақстанда 14 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевФонтан с подсветкой на площади перед зданием АО "КазМунайГаз"
Фонтан с подсветкой на площади перед зданием АО КазМунайГаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Дей тұрғанмен, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

15 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен металлургия және металл сынықтарын дайындайтын кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. (Өткізілетін жері: Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты. Аккредитация 241704@bk.ru электронды поштасы арқылы жасалады).  

9.30-13.00 – "Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?" атты праймеризге қатысушылардың оқу семинарлары. Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік. Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық жаттығулар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар тілек білдірген партиялықтар үшін ақысыз негізде өткізіледі. Семинарлар осы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызында аяқталады және сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты тұрғылықты жер бойынша партияның облыстық филиалынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан Nur Otan партиясының  Саяси менеджмент мектебінен алуға болады, тел. + 7-7172-707621, www.spm.nurotan.kz сайты, e-mail: info_school@spm.nurotan.kz, www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

09.00 - 17.00 – "Ашық диалог" порталында "QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ экспорттық талдау жобаларының басшысы Шыңғыс Торездің интернет-конференциясы. Интернет-конференцияға қатысу үшін мына сілтемеге өту керек.

15.00 – Ресейде 8 маусымда басталған Key BuyersEvent аясындағы Ресей және Қазақстан кинематографистерінің онлайн-конференциясы. Презентацияда арнайы zoom-сессия аясында мынадай жобалар ұсынылады: "Эвакуация", режиссер Фархат Шәріпов, продюсер Дина Жұмабек, "Көкбозат", режиссер Ильшат Рахимов және Алдан Баймаханов, продюсерлер Алмагүл Тілеуханова (Қазақстан) және Миляуша Айтуғанова (Татарстан, Ресей Федерациясы). "Каникулы off-line" қазақстандық франшизаның продюсерлері Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев ресейлік нарық үшін алғашқы фильмнің ремейкін ұсынады. Сондай-ақ режиссер Яна Скопина, продюсерлер Еркежан Мақсұт пен Тамара Богданова жетекшілік еткен "Скоро кончится лето" атты Қазақстан-Ресей жобасы Key Buyers Event шарасының негізгі бөлігі болды. (Барлық сұрақты CoproductionRussia@kazakhcinema.kz  электронды поштасына жолдауға болады).  

17 маусымға жоспарланған шаралар

9.30-13.00 – "Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?" атты праймеризге қатысушылардың оқу семинарлары. Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік. Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық жаттығулар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар тілек білдірген партиялықтар үшін ақысыз негізде өткізіледі. Семинарлар осы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызында аяқталады және сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты тұрғылықты жер бойынша партияның облыстық филиалынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан Nur Otan партиясының  Саяси менеджмент мектебінен алуға болады, тел. + 7-7172-707621, www.spm.nurotan.kz сайты, e-mail: info_school@spm.nurotan.kz, www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0