Қоғам

Қаржы министрі армян көліктеріне қосымша салық салынатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль с армянскими номерами
Автомобиль с армянскими номерами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Армения мемлекеттік кірістер органдары өз көліктерінің салығын төлеуді талап етуі мүмкін. Қазақстан билігі де салық салуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев армян көліктері үшін қосымша салық енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Онлайн режимде халыққа есеп берген министр 1 ақпанға дейін Қазақстанға кірген көліктер уақытша тіркеуге алынатынын еске салды. Ондай автоға көлік салығы салынады. Ал 1 ақпаннан кейін жеткізілген армян көліктері үшін барлық салықты төлеуге тура келеді. Соның ішінде кедендік баж салығы мен утилизациялық алым бар.

"Сосын Армения Республикасының мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуді талап етуі мүмкін. Біз осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің территориямызда жүрген көліктер өзімізге салық төлесін деген ұсыныс жасадық", - деді Жамаубаев.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа кірген Арменияға бірқатар салықтық жеңілдік берілген болатын. Соның арқасында шетелден келген көліктер арзанға түсті. Қазақстандықтар осыны пайдаланып, армян көліктерін жаппай сатып алуға кіріскен. Осылайша, елімізде шетел нөмірін тағып жүрген көліктер көбейді.

Оқи отырыңыз: Армениядан автокөлікті 1 ақпаннан кейін әкелгендер не істеуі қажет 

Артынан Қазақстанның құқық қорғау органдары армян көліктерін алғандардың қулығын әшкереледі. Олар салықты төлемеу үшін алдымен Арменияда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрған. Сөйтіп, көлікті өз атына аударған. Оларға көлік сатушылар көмектескен. Осылайша, Еуразиялық одақта емін-еркін жүреміз деп ойлады. Алайда ішкі істер министрлігі армян және қырғыз көліктерін тіркеуге қоюды талап етті. Осыдан кейін көлік иелері бірнеше рет наразылық акцияларын өткізді. Үкімет 1 ақпанға дейін кірген көліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берді. Көлік иелері тек мемлекеттік тіркеудің салығын ғана төлейді.

Жаңалықтар
0