НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Елордадағы "Керемет" моншасының бассейнінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Әйел монша кешеніне бейсенбі күні кешке келген. 19.10-да бассейннен оның жансыз денесі табылып, оқиға туралы дереу полицияға хабарланған.
51 жастағы марқұмның екінші топтағы мүгедек екені ("эпилепсия" диагнозы) анықталды.
Ол моншаға анасымен бірге барған.
Оқи отырыңыз: Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті
Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлады полиция.