Қоғам

Дариға Назарбаева қайтадан сенатқа бара ма – сарапшылар болжамы  

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаПредседатель Сената Дарига Назарбаева
Председатель Сената Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дариға Назарбаева жеке-дара өз кандидатурасын ұсына алады. Оның медиа, қаржы және тағы басқа ресурстары жеткілікті  

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Сенат сайлауының күні белгіленді. Заң бойынша 30 жастан асқан және кем дегенде бес жыл еңбек өтілі бар кез келген Қазақстан азаматы өз кандидатурасын ұсына алады. Сондықтан бұрынғы сенаторлар да сайлауға қатысуға құқылы. Ал жоғарғы палатаның экс-спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын шығара ма? Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген саясаттанушылар осы мәселеге қатысты өз ойын білдірді.

Назарбаева сенатқа қайта келуі әбден мүмкін

"Альтернатива" зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботаревтің айтуынша, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсына алады. Бірақ ол үшін қолайлы аймақты таңдау қажет.

"Иә, Назарбаева өзіне қолайлы аймақтан кандидатурасын ұсына алады. Мәселен, Алматыдан, я болмаса, балалық шағы өткен Қарағанды облысынан шықса болады. Елорда да қолайлы жер. Жалпы, Назарбаева – өз кандидатурасын анық ұсына алатын адам", - дейді Чеботарев.

Сарапшы кандидатқа мәслихат депутаттарының дауыс беретінін еске салды. Ал Назарбаева сайлауға қатысса, әркім әрқалай ой түюі мүмкін.

"Біреулер оның кандидатурасын "Кітапхана" (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы – Sputnik Қазақстан) мақұлдап қойды деп ойлап қалуы мүмкін. Енді, біреулер оны спикер қызметінен алып тастағанын еске түсіреді. Осындай жағдайда шешім қабылдау қажет", - деп атап өтті Чеботарев. 

Назарбаеваның барлық ресурсы бар

Саясаттанушы Айдос Сарым да Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады деп санайды. Экс-спикер Nur Otan партиясының атынан, я болмаса, жеке өзі сайлауға түседі.

"Мәслихатта отырған депутаттардың басым бөлігі – Nur Otan  өкілдері. Сол себепті партия осы кандидаттарды қолдайық десе, олар партиялық тәртіпке бағынады. Бірақ алдағы сайлаудың жөні бөлек, оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін партияның өкілі болу міндет емес", - деп атап өтті Сарым.

Оның айтуынша, кандидат өзіне сенімді әрі танымал болса, өз аймағында қажетті дауыстың көлемін жинай алады. Әрине, ол үшін қаржы және ұйымдастыру ресурстары болуы қажет.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

"Дариға Назарбаева жеке-дара өз кандидатурасын ұсына алады. Меніңше, оның медиа, қаржы және тағы басқа ресурстары жеткілікті", - дейді Сарым.

Сенатқа қайта баруы екіталай

Ал саяси шолушы Ғазиз Әбішевтің ойынша, экс-сенатор отставкадан кейін сенат сайлауына түспейді.

"Иә, заң бойынша Дариға Назарбаева сенат сайлауына түсе алады. Бірақ ол өз кандидатурасын ұсынады деп ойламаймын. Ол сенат спикері болды. Одан кейін президент жаңа спикерді ұсынды. Сол кезде Дариға Назарбаева ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ол сенатқа өтуді жоспарласа, прездиенттік квотамен қалатын еді. Егер жеке өзі өтуді ойласа, онда өз отставкасына қатысты пікір білдіретін еді ", - деді Әбішев.

Сарапшының айтуынша, сайлау кезінде жеңу үшін қол жинау керек. Одан кейін кандидатураны мәслихат депутаттарының қарауына ұсыну керек. Дариға Назарбаеваның ондай шараларға баруы екіталай.

Сенат депутаттарын қалай сайлайды?

Сенатқа әрбір облыстан және республикалық маңызы бар қаладан екі адам сайланады. Осылайша, жоғары палатаға 34 депутат өтеді. Бұдан бөлек, тағы 15 сенаторды президент тағайындайды.

Депутаттық өкілеттіліктің мерзімі – 6 жыл. Сенаторлардың жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.

Сенат депутаттарын құпия дауыс беру арқылы таңдайды. Сайлаушылар – мәслихат депутаттары.

Жаңалықтар
0