НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы 314 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны расталды. Жалпы ел бойынша науқастар саны 13 872 адамға жетті, деп хабарлайды жедел штаб.
"Өткен тәулікте республика бойынша індетке шалдыққандардың саны 314-ке жетіп, өсім 2,3% құрады", – делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
- Қарағанды облысы - 52 (4,0%);
- Нұр-Сұлтан қаласы - 50 (1,9%);
- Ақтөбе облысы - 48 (10,8%);
- Алматы қаласы - 48 (1,6%);
- Шымкент қаласы - 29 (2,8%);
- Алматы облысы - 20 (4,3%);
- Батыс Қазақстан облысы - 15 (1,7%);
- Атырау облысы - 14 (1,1%);
- Маңғыстау облысы - 11 (3,1%);
- Шығыс Қазақстан облысы - 9 (4,2%);
- Жамбыл облысы - 5 (1,1%);
- Түркістан облысы - 4 (1,0%);
- Солтүстік Қазақстан облысы - 4 (5,6%);
- Ақмола облысы - 2 (1,1%);
- Павлодар облысы - 2 (0,7%);
- Қостанай облысы - 1 (0,5%).
Бүгінге дейін 8 593 адам дертінен сауығып шықса, 67 науқас індет салдарынан көз жұмды.